Астанада «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың әміршісі» атты тарихи-деректі фильмнің
тұсаукесері өтті. Фильмді белгілі журналист әрі продюсер Майя Бекбаева түсірді.
Оның бұл бастамасына Қазақстан Президенті Телерадиокешені қолдау білдірген. Көркем
туынды көрермендерді Алтын Орданың негізін қалаушы, Шыңғыс ханның үлкен ұлы -
Жошы хан дәуірімен таныстырады. Алғашқы көрсетілім көрермендерге ерекше әсер
қалдырды. Олардың айтуынша, бұл фильм Жошы ханның мемлекетіміздің
қалыптасуындағы айрықша рөлін көрсетіп, төл тарихты түгендейді.
Талғат Теменов, режиссер:
- Жошы ханның рөлін, тарихи
рөлін бүгінгі күнмен, бүгінгі жастардың көзімен соларды айтуға тырысуы және көп
нәрседен Майяның қол жеткізгендігі. Сондықтан, ақжол тілейміз.
Сырым Итқұлов, блогер:
- Бұл тек көркем жақтан ғана
емес, тарихи-ағартушылық жоба деп айтуға болады. Өте керемет! Қазіргі тик-ток
generation дейміз ғой, соларға түсінікті, ағартушылық іс деп айтсақ болады.
Тарихи танымдық туындының сценарийі, белгілі тарихшылардың кеңесімен 6 ай бойы жазылған. Ал, түсірілімдер шамамен бір айға созылды. Оның дені Астана мен оның айналасында өтті. Айта кетейік, 20 наурыздан бастап Жошы хан туралы фильм еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

