Қазақстанда
теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту жұмысы жалғасуда.
Қыркүйек айының соңына дейін ел аумағында 124 нысан жаңарады.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Жөндеу жүргізілетін нысандардың қатарында «Алматы-1» вокзалы да бар.
Мұнда ескірген инженерлік желілер бұзылып, перрон жаңартылады,
нысан уақытша электрмен жабдықтау жүйесіне
көшкен. Сонымен
қатар, заманауи технологиялық жабдықтар орнатылмақ. Өткен ғасырдың
70-ші жылдары салынған ғимараттың тарихи келбетін
қалпына келтіру жоспарланып отыр. Осы мақсатта әрлеу жұмыстарына табиғи
тас пайдаланылады. Бүгінгі таңда нысанның 40% жұмысы атқарылған.
Ерсұлтан
Ержанов, ҚР Көлік министрлігінің бас сарапшысы:
- 34 бірлік арнайы техника, 500-ден астам жұмысшы жұмылдырылды, түнгі және күндізгі ауысым кестесі ұйымдастырылды. Нысандағы құрылыс аяқталғаннан кейін біз заманауи, жайлы және ең бастысы қауіпсіз вокзалға қол жеткіземіз. Сондай-ақ, қозғалысы шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, қажетті қосымша жағдайлар жасалады.

