Құрманғазы күйлері әлемдік стриминг платформаларына шықты

Құрманғазы күйлері әлемдік стриминг платформаларына шықты

Заманауи өңделген Құрманғазы күйлері ірі әлемдік стримингтік платформалар - Spotify, Apple Music және Яндекс Музыкаға жүктелді. Дебюттік альбомға қазақтың ұлы композитор-күйшісінің он шығармасы енді, олар - Адай, Сары-Арқа, Балбырауын, Серпер, Алатау және басқалары. Бұл креативті индустрияны дамыту қоры жанынан құрылған Qazaq Creative Production компаниясының алғашқы музыкалық шығарылымы. Мәдениет және ақпарат министрлігі альбом әлемдік аудиторияны қазақ музыкалық мәдениетінің бай мұрасымен жақын танысуға мүмкіндік беретініне сенімді. Жалпы, жоба заманауи технологиялар мен цифрлық платформалардың көмегімен отандық музыка өнерінің үздік үлгілерін ілгерілетуге бағытталған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?