Жамбыл облысында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

Жамбыл облысында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

Iрi инвестициялық жобаларды iске асыру, өнеркәсiптi дамыту және жаңа өндiрiс орындарын құру. Бұл мәселелер Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында қарастырылды. Атап айтқанда, Нұрлыбек Нәлібаев химия саласындағы жаңа кәсіпорындардың құрылысымен танысты. Олар ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп, елдің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс. Өңірде ірі инвестициялық жоба - Qazaq Soda зауытының құрылысы қолға алынған. Кәсіпорында жыл соңына дейін бірінші кезектегі қуаттылығы 500 мың тонна кальцийленген сода өндіретін зауытты іске қосу, кейін өнім көлемін жылына 1 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. Сондай-ақ, вице-премьер құны 500 миллиард теңге болатын инвестициялық жоба іске асырылып жатқан «ЕуроХим-Қаратау» зауытында болды. Толық қуаттылыққа шыққаннан кейін мұнда жыл сайын 1 миллион тоннаға дейін минералдық тыңайтқыштар өндіріледі. Бұдан бөлек, вице-премьер тұрғын үй құрылысы, энергетика және көлік инфрақұрылымы салаларындағы жобалардың іске асырылу барысын тексерді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?