Түрікменстан астанасында кілем тоқудан ауқымды жарыс өтті.
Онда елдің барлық өңірлерінен жиналған он төрт шебер бақ сынады. Жарысқа
қатысушылар үш кезең бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Олар алдымен көрмеде
дайын өнімдерін ұсынды. Кейін кілем тоқып, жауапкершілік пен табандылықтарын
сынады Ал, ақтық сында өлең оқып, дутар ұлттық аспабының сүймелдеуімен ән
шырқады. Тартысты жарыста Ахал ауданынан келген шеберлер топ жарып, жеңіске
жетті. Айта кетейік, түрікмен кілем тоқу өнері 2019 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық
емес мұралар тізіміне енген.
Огульмарал Аманджанова, «Түркменхалы» мемлекеттік бірлестігінің
бас маманы:
- «Бұл жарысты шеберліктің нағыз мерекесіне айналдыру
үшін барымызды салдық, дегенімізге жеткен секілдіміз. Басты мақсатымыз - кілем
тоқу өнерінің сырын өскелең ұрпаққа жеткізу. Өйткені бұл біздің жанымыз бен
тарихымыздың бөлшегі. Жас қыздарымыздың өнерге қызығушылығын көру - біз үшін өте
құнды дүние».
Бахаргуль Гылыджова, Ахал Велаятындағы кілем тоқу көркем шеберханасының өкілі:
- «Біздің шебер қыздарымыздың қолынан шыққан кілемдер -
үй мен үйлені тойларының сәні. Кілем тоқу, әжелеріміз бен аналарымыздан бізге
жеткен өнер. Өзім де кілем тоқуды анамнан үйрендім. Қыздарымды да осы өнерге
баулыдым. Болашақта немерелеріме де үйреткім келеді».

