Қазақстан экономикасы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 4,1% өсті

Қазақстан экономикасы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 4,1% өсті

Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді. Экономика құрылымында өңдеу өнеркәсібі, көлік саласы, құрылыс, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы өсім көрсеткен. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, Премьер-министр жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінде 200 инвестициялық жоба іске қосылатынын айтты. Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 20 миллион шаршы метрге жетпек. Президентке цифрландыру және ұлттық АІ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет ұсынылды. Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын іске асыру жайлы айтты. Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сай қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар болды. Заңнаманы Ата заңға сәйкестендіру, «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыруды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алуды тапсырды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?