Біз жайлы

Silk Way

SilkWay - Jibek Joly телеарнасының халықаралық эфирлік таралымы. SilkWay - спутниктер арқылы таралатын Қазақстан Республикасындағы тұңғыш ұлттық телеарна. Арнаның контенті түгел отандық өнімнен тұрады.

Телеарнада бірнеше тақырыптық бағыттағы телетуындылармен қатар, Қазақстанның мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі, туристік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы бағдарламалар дайындалады. Сондай-ақ арна эфирінен Қазақстан мен Орталық Азияның өзекті жаңалықтары күн сайын ақпараттар топтамасынан беріліп тұрады.

Қазақстандағы тұңғыш спутниктік халықаралық телеарна 2002 жылы 25-ші қазанда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар тарата бастады. 2018 жылдан қырғыз, өзбек тілдері, ал 2024 жылы түрік тілі қосылды. Осы орайда цифрлық телеарнаның әрбір көрермені өзіне қажетті дыбыс жолағынан 6 тілдің бірін таңдап, телеөнімді 100% тамашалай алады. Арна сигналы әлемнің 118 елінде қолжетімді. 2025 жылы қыркүйекте телеарна ағылшын тілінде хабар тарататын «New time» ақпараттық-талдау бағдарламасы қосылды. Сонымен қатар арнадағы бағдарламалар «Green frontier», «Road to Gold» сияқты жаңа жобалармен толықты.