Астанада анимация бойынша шеберлік сабақтары өтіп жатыр

Астанада анимация бойынша шеберлік сабақтары өтіп жатыр

«Идеядан мультфильмге дейін». Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі Мәдениет министрлігі мен «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен білім беру бағдарламасын іске қосты. Шеберлік сабақтарында сторителлинг пен визуалды баяндау, анимациялық әлем құру мен қаржылық жоспарлауды меңгеруге болады. Танымдық жобаға Финляндия, Канада, Франция және Армениядан білікті сарапшылар тартылған.

София Горя, Режиссёр, оқытушы /Франция/:

- Мен - Өзбекстан, Франция, Ресей, және Қазақстан сынды түрлі елдерде ворк-шоптар өткіздім. Мен қызықты оқиғаларды тың идеяға айналдыудың кез-келген мүмкіндігін қалт жібермеуге тырысамын. Мен үшін ол үлкен ләззат береді. Маған Қазақстанда, Алматыда біршама өмір сүру бақыты бұйырды. Адамдары мен мәдениетіне тәнті болдым. Көңілімнен шыққан елге қайта оралып, қызықты жобалар жасағым келді. Осының сәті түсті. Астанада  анимацияға қызығатын кез келген адам осы воркшопқа қатыса алады.

Бағдарламада деректі анимацияға басымдық берілді. Сондай-ақ пластилинді және қағаз техникасынан бастап 2D және 3D-графикаға дейінгі форматта түрлі сынақтар жасалды. Жоба Қазақстандағы анимация саласын дамыту және сала мамандарына арналған кәсіби білім беру ортасын қалыптастыруды көздейді. Іс-шара қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашып, бірегей тәжірибе жинақтауға септеседі.     

Анель Ли, ЗD-Аниматор:

- Мен деректі анимацияны ешқашан білген емеспін, шын мәнінде үш күн бұрын ғана қызықтым. Өйткені мұнда әртүрлі стильдер бар, 3Д мен 2Д, пластилинді қағаз кесіндісімен немесе оригамиді қандай да бір бұйымдармен тіпті матамен біріктіруге болады. Осы үрдіс пен нәтижесі көздің жауын алады. Өте қызықты. Анимация неғұрлым қарапайым болса,  ол адамдардың жүрегіне соғұрлым тез жетеді.

Шеберлік сабақтары 11 қазанға дейін жалғасады. Оған кез келген адам қатыса алады. Бүгінде жүзден астам адам осы оқу курсын меңгеріп шықты.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?