Қазақстандық «Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды. Картина еліміздің атынан Оскар комитетінің халықаралық көркем фильм номинациясында бақ сынайды. Бұл туралы мәдениет және Ақпарат министрлігі хабарлайды.
Айта кетейік, режиссер Асхат Кучинчирековтың толықметражды лентасында кезінде өзін әжесінің бауырына салып берген, содан әке-шешесі үшін бөтенге айналған баланың жан күйзелісі жайлы баяндалады. Картинаның тұсауы өткен жылы Испанияда өткен кинофестивальде кесілді. Сондай-ақ, ол былтыр Азияның «Оскары» саналатын Asia Pacific Screen Awards халықаралық киносыйлығында «Ең үздік жастар картинасы» аталымында жеңіске жетті.