Қазақтандық балдың экспортын ұлғайту. Оның әлеуеті Таразда омарташылар форумында талқыланды. Мамандар сыртқа тасымалданатын отандық өнім көлемін ұлғайту үшін бал араларының популяциясын көбейту қажет деп отыр. Бұл ретте оларды бағудың жаңа әдістерін меңгерудің маңызы зор. Жиында тәжірибелі сарапшылар бал жинаудың озық технологияларымен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар жас омарташыларды оқыту жайын да көтерді. Еліміздің түкпір-түкпірінің келген маман иелері шағын жәрмеңке ұйымдастырып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды.
Ұлжан Нұрәлиева, Ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми
қызметкері:
- Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұрғой. Балды өсімдіктердің қазіргі
таңда 200 мыңнан аса түрі бар. Сондықтан біздің Қазақстанның бал өнімдерін
өндіру бойынша статистикаға қарасақ бірінші орында мысалы да Өскемен Шығыс
Қазақстан болса, Оңтүстік Қазақстан Жамбыл облысында ара шаруашылығы жақсы
дамыған.

