Жібек өндірісі

Жібек өндірісі

Түркістан өңірінде жібек өндірісі жанданады. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан өлкеде «Әндіжан Мархамат» деп аталатын тұт ағаштары тамыр жаяды. Бүгінде ол үшін Өзбекстаннан 2,5 млн көшеттің бірнеше мыңы жеткізілді. Қазір өңір шарулары оны отырғызуға кірісіп кеткен. Сорттың авторы - Абулфаттах Мусырманкулов бір ағаш жылына 40 тонна жапырақ беретінін айтады.

 

Абдулфаттах Мусырманкулов, ғалым :

-Қазақстан мен біздің ел арасында келісімге қол жеткізілді, алдағы үш жылда бірігіп  жұмыс істейміз. Біз тұт отырғызуды, оны қалай күтуді, тіпті топырақты қалай дайындауды үйрететін боламыз.

 

Тұт ағашының жидегі түрлі ауруларға ем. Жапырағын ақуыз бен протеинге бай. Яғни, жібек құрты үшін өте құнарлы қорек. Сондықтан да жібек өндірісін дамытуға мүмкіндік береді. Оңтүстік аймақтың ауа райы оны өсіру үшін аса қолайлы. Ал өнімді Шығыс Еуропаға, Оңтүстік Кореяға және Қытайға сатуға болады. Өйткені мұндай тауарға аталған елдерде сұраныс жоғары.

 

Сұлтанбек Бәкіров, кәспорын директоры :

-Бұл сорттың жақсы жақтары, жапырақтары өте үлкен, 30 см барады, ауырлығы 20 гр. Бір гектар жерден жапырақ сататын болса, жапырақты ассоциация 45 теңгеден алуға дайын. Бұл дегеніміз 1 гектардан 2 млн 250 мың теңге пайда табады, сол жапырақта жібек құртын бақса, тағы сонша ақша табады.

 

Облыста 10 мың гектар жерге тұт ағаштарын отырғызу жоспарланған. Бұл алдағы уақытта оның жапырағын жинап қана қоймай, өңірде жібек өндіруге мүмкіндік береді.