10 мамырда Алматыда Әзербайжан мен Арменияның СІМ басшылары кездеседі

10 мамырда Алматыда Әзербайжан мен Арменияның СІМ басшылары  кездеседі

Алматыда Әзербайжан мен Арменияның  сыртқы саяси ведомстволарының басшылары кездеседі. Қос мемлекеттің Сыртқы істер министрлері 10 мамырда   келіссөздер жүргізеді. Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жуық арада  Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнауына ықпал ету үшін тараптардың өзара қарым-қатынасын реттеуге шақырған болатын. Президент   сәуір айында Ереванға жасаған ресми сапарында осы елдер арасында берік, ұзақ мерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өткен. Сондай-ақ, Қазақстанның келіссөз өткізу үшін алаң ұсыну арқылы жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар бұл маңызды шараның дәл осы шаһарда ұйымдастырылуының символдық мәні барын айтты. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді.