Биыл Қазақстанда өнеркәсіп 6% жуық өсіп, жалпы көлемі 27 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіп
және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың мәліметінше, құрылыс заттары, химия
өнеркәсібі және металлургия - саланы алға бастап тұр. Отандық өндіріс
нысандарын арзандатылған шикізатпен қамту саясаты нәтижесін берді. Ішкі
өндірісте мыс тұтыну көлемі 27%, алюминий 61 мың тоннаға, цинк қолданысы 4
есеге өскен. Нәтижесінде, тұрмыстық техника, жеңіл және жүк көліктерін құрастыратын
жаңа нысандар ашылды. Мемлекет басшысы белгілеген жаңа міндет - орта және
жоғары деңгейлі өңдеуге көшу. Осы мақсатқа сай нысандарды қаржыландыру көлемі
артады. Мәселен соңғы 4 жылда бұл
бағытқа 700 млрд теңге жұмылдырылса, келер жылы бөлінетін қаржы көлемі 330 млрд
теңгеге жетпек.
Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп
және құрылыс вице-министрі:
- Біздің жоспарымыз
бойынша биыл 190 өнеркәсіп нысанын іске қосу қарастырылған болатын, оның басым
бөлігі, яғни, 170 жоба толық жүзеге асты. Өзге нысандар да жуық арада жұмысын
бастайды. Бірқатары жаңа жылға дейін іске қосылуы тиіс. Жалпы алғанда бұл
жобалар толық қуатына шықса, жылына 2 трлн теңгенің өнімін шығарады.

