Цифрлық технологияларды енгізу жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімін 2-3% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, бұл жасанды интеллекттің ел экономикасы дамуындағы маңызды рөлін айқындайды. Бұл туралы Қазақстан Премьер-министрі ТМД кеңістігіндегі ең ірі инновация саласындағы «Digital Almaty» халықаралық форумында мәлімдеді. Жиынға Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан Премьер-министрлері, Иранның бірінші вице-президенті, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы, Армения вице-премьері, ЕЭК алқасының төрағасы қатысты. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері шақырылды. Алаңда AI-дің экономикаға, өнеркәсіптік экожүйелерге, медицинаға, білімге және басқа да салаларға интеграциясы және инновациялық даму әлеуеті талқыланды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Аlem.АІ халықаралық жасанды интеллект орталығының негізінде құзіреттер экожүйесін құру бастамасын көтерді. Ол биыл Астанада ашылады. Бұл бір алаңда жетекші IT-компанияларды, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен шешімдерді бірлесіп әзірлеу үшін білім беру бағдарламаларын біріктіруге мүмкіндік береді. Біз Alem.АІ орталық базасында жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларын әзірлеуде одақ бойынша әріптестердің күш-жігерін біріктіру қажеттігіне назар аударғымыз келеді.
Олжас Бектеновтің айтуынша, жасанды
интеллект технологиясын дамытуда кадр мәселесі маңызды рөл атқарады. Қазақстан
алдағы бес жыл ішінде ІТ саласында миллионға жуық маман оқытуды жоспарлап отыр.
Форум аясында AI саласындағы стартаптар мен шетелдік, сондай-ақ отандық жобалар
ұсынылған көрме өтті. Олардың бірі зияткерлік бақылау жүйесі болып табылады.
Вячеслав Пак, «Cerebro Innovation Technologies» Бас директоры:
- Негізгі артықшылық - бұл бейнебақылау жүйесі саласындағы бет тану, көлікті тану, сондай-ақ ситуациялық сарапшылар сияқты бейне талдаудың кіріктірілген модульдерімен қазіргі заманғы шешім болып табылады. Бұл нақты жасанды интеллектті дамыту бөлігінде, өйткені біздің бейне талдаушылар модульдерінің барлығы нейрондық желілерді оқытудағы жасанды интеллект технологияларына негізделеді. Біздің бағдарламалық қамтамасыз етуіміздің өзі - тікелей қоғамдық құқықтық тәртіпті үйрету, бұл құқық бұзушыларды мен қылмыскерлерді анықтау, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздеу. Бұл қоғамдық құқықтық тәртіпке қатысты.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

