ТМД-дан 100-ге жуық бақылаушы Қазақстандағы жаңа
Конституция бойынша референдумды қадағалайды. Миссия штабы Астанада орналасып, алғашқы
бақылаушылар іске кірісті. Елімізде 10 мыңнан астам референдум учаскесі
ашылады. Олардың көпшілігі – азаматтардың тіркелген мекенжайы бойынша, алты
жүзден астамы - уақытша тіркеу орындарында және 80-нен астамы – шетелде қызмет
көрсетеді. Өз учаскеңізді онлайн-сервистер арқылы нақтылауға болады. Дауыс беру
күні уақытша тіркелу мүмкіндігі де қолжетімді болмақ. Дауыс беруге 12 жарым
миллионға жуық қазақстандық құқылы. Референдум өтті деп танылуы үшін
сайлаушылардың жартысынан көбі қатысуы қажет - бұл шамамен 6,5 млн азамат. Ал
жаңа Конституция барлық сайлаушылардың 50%-тен астамы дауыс берсе ғана қабылданады.
Қорытынды жеті күн ішінде шығады.

