Эзитполдардың алғашқы шығарған нәтижелеріне қарағанда Джорджия Мелонидің оңшыл коалициясы жеңіске жеткен.
Егер болжам расталса, Апеннин түбегінде соңғы 100 жылда үкіметті алғаш рет әйел басқаратын болады. Италияның Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың қатысуы өте төмен болған. Сайлау учаскелері жабылған кезде қатысушылардың саны 63% сәл ғана асқан. Дауыс берудің ең төмен деңгейі әсіресе оңтүстік аймақтарда, соның ішінде Сицилияда байқалды.
Айта кетейік, бұл елдің 68-ші премьер-министрі болмақ. Сарапшылар жаңа басшының алдында энергия бағасының қымбаттауы сияқты көптеген қиындықтар тұр дейді.