Қақтығыстардың алдын алу, бітімгершілік операциялар және Ауғанстандағы оқиғалар контекстіндегі ықпалдастық. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен БҰҰ-ның өзара іс-қимылы осы үш бағытта дамытылады. Бұл туралы беделді ұйым бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында мәлім етті. Ол қос құрылым арасындағы ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға беріп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы БҰҰ-ның маңызды серіктесі екенін жеткізді. «Әсіресе терроризм, есірткі трафигі және қылмыспен күресуде, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы ерекше назарда», – деді Антониу Гуттериш.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:
- Аймақтық ұйымдармен ынтымақтастық орнату БҰҰ қызметінің негізінде жатыр және ол ұйым Жарғысында бекітілген. Құрылтайшыларымыз бірде-бір ұйымның әлем бойынша бейбітшілікті, қауіпсіздік пен дамуды жалғыз өзі қамтамасыз ете алмайтынын жақсы түсінген. Ол үшін аймақтық деңгейден жаһандық деңгейге дейінгі серіктестік қажет.