Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді
қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы
қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет
берілді. Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика
салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды. Президент
экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды
енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.