Жетіген ұлттық аспабына қызығушылар саны артып келеді

Жетіген ұлттық аспабына қызығушылар саны артып келеді

Дәстүр дәріптеліп, ұлттық құндылықтар ұлықталды. Қазақстанда ұлттық аспаптарды, әсіресе жетігенді жетік меңгергендер саны көбейіп келеді. Солтүстік өңірде  назы мен сазы бөлек көп ішекті шертпелі аспапты үйренемін деушілер үшін арнайы үйірмелер де ашылуда. Солардың бірін теріскейлік Айнагүл Темірханова жүргізеді. Бұған дейін ол өз бетімен онлайн курс арқылы көне аспапты меңгерген. 

Айнагүл Темірханова, жетіген үйірмесінің жетекшісі:

- 2019 жылы ойлап-ойластырып жүргенде карантинге кетіп қалдық. Нұргүл Жақыпбек деген  ұлттық консерваториямыздың аға ұстазы, жалпы бүгінгі күні республикалық деңгейде кәсіби жетігеншілердің мектебін қалаған кісі. Алғашқы білімімді жетіген аспабынан сол кісіден алдым, 3 ай онлайн курсын бітіріп.  Бұған дейін сабақтарда өзім балаларға аңызын айтып, суретте ғана көрсеткенім болмаса, бұған дейін қолыма ұстаған аспап емес.

Көнеден жеткен жетігеннен төгілген әуен тыңдаушыны бірден баурап алады. Үйірмеге келген жастардың көбі осылай дейді. 

Жансая Амангелді, оқушы:

- Жетігеннің даусы тереңірек. Қазақтың барлық құдыреті, мәдениеті, тарихы көрінеді осы жетігенде. Меніңше жетігенмен барлығы айналыса алады. Егер де қаласа. Онша қиын емес. Қазіргі таңда бес шығарманы меңгере алдым. Оның екеуі - ән, ал үшеуі - күй.