Ғылым қалалары мен рейтингтік қызмет: Мәжіліс заң жобаларын қабылдады

Ғылым қалалары мен рейтингтік қызмет: Мәжіліс заң жобаларын қабылдады

Қазақстан Мәжілісі екінші оқылымда еліміздің ғылым қалаларын дамытуға бағытталған түзетулерді қабылдады. Осылайша, олардың мәртебесі заңнамалық тұрғыдан бекітілді, сондай-ақ ғылыми аумақтарды құру және олардың жұмыс істеу шарттары айқындалды. Ол жеке елді мекен — ғылым немесе ғылыми-технологиялық парк форматында болуы мүмкін. Яғни, ғылым, білім және өндіріс пен инновациялық инфроқұрылым бір жерде тоғысатын нақты құқықтық режим болмақ. Бұл ғылымның бизнеспен өзара іс-қимылын күшейту арқылы экономикаға әзірлемелерді енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ парламенттің төменгі палатасының депутаттары рейтингтік қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Ұлттық рейтинг агенттігін құруды көздейді. Ол отандық компаниялар мен қаржы құралдарына кредиттік рейтингтер беру, сондай-ақ тәуекелдерді бағалаудың өзіндік жүйесін қалыптастырумен айналысады. Әзірлеушілер атап өткендей, бұл қаржы нарығының ашықтығын арттырады және капиталды тарту кезінде отандық компаниялардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ғылым қалаларын дамытумен бірге бұл шаралар инвестициялық ахуалды нығайтуға және елдің технологиялық дамуын жеделдетуге бағытталған.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Аталған заң жобасының басты міндеті - шағын және орта бизнес компаниялары үшін тәуелсіз рейтингтік бағалаудың қалыптасуына жәрдемдесу болып табылады. Бұл құжат оларға қор нарығына шығуға септеседі. Сондықтанда осындай рейтингтердің неғұрлым көп болғаны жақсы. Кәсіпкерлер үшін олар қор нарығы мен банктер арқылы шешім қабылдаужы жеңілдетеді. Яғни, олар капитал нарығы арқылы бағалы қағаздарды сатып алу кезінде осы рейтингтерге бағдарланатын болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?