Қазақстандық ғалымдар күріш қабығын ерекше материалға айналдырды. Елде аталған ақ дақылдың қауызынан кремний көміртекті нанокомпозит өндірісі іске қосылды. Елімізде баламасы жоқ кәсіпорын жылына 1500 тонна бірегей өнім шығаруға қауқарлы. Күріш қалдығынан алынған өнім жаңартылатын шикізат саналады. Ол резеңке техникалық бұйымдар мен үйкеліс материалдарының толтырғышы және кремний, ферроқорытпа өндіруге арналған шикізат ретінде кеңінен қолданылады. Ғалымдар бұл нанокомпозитті ауыл шаруашылығында, тіпті литий-ионды батареялар өндірісінде пайдалануға болатынын айтады. Жобаны елдің Ғылым қорының қолдауымен минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы іске асырып жатыр. Гранттың құны 300 млн теңге. Сондай-ақ, бірегей өндіріс иесі 60 млн теңге салған.
Серік Мәжікенов, Білім қоры департаментінің директоры:
- Қазақстанда күріш аса үлкен көлемде өндіріледі. Осы дақылдың
қауыз түріндегі қалдығыда көп болады. Осы қабықтардың үлесі күріш салмағының
шамамен 20% дейін жетеді. Күріш қауызының құрамында үлкен көлемде көміртек пен
кремний кезігеді. Аталған жоба ең алдымен импортты алмастыруға бағытталған.
Сондай-ақ, экспортқа шығуға мүмкіндік береді.
Жеңіс Ермұқанов