Қазақстан Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ
елдері арасында жасанды интеллектіні енгізу бойынша көшбасшыға айналды. Бұл New
Vision бизнес-форумындағы басты тақырыптардың бірі болды. Шара Алматыда өтіп
жатыр. Бүгінде AI технологиялар білім беру мен мемлекеттік басқарудан бастап
экономика мен бизнеске дейінгі түрлі салаларға белсенді түрде енгізілуде.
Компаниялар жаңа жағдайларға тез бейімделу және тиімділікті арттыру үшін
өздерінің күнделікті жұмысында нейрожелілер мен цифрлық технологияларды жиі
пайдаланады. Форум 4 жарым мыңнан астам кәсіпкерді, сарапшылар мен
инвесторларды біріктірді. Қатысушылар жаһандық трендтер, нарық өзгерістерін, AI
дәуіріндегі бизнестің болашағын талқылайды.
Берік Қаниев, кәсіпкер:
- Осы жаңа стандарттарға бейімделмеген компаниялар
жарыс жолынан шығып қалады. Әрине, Қазақстанның мол шикізат базасымен жолы
болған дей аламыз, алайда, біз жаңа дәуірге бейімделгіміз келсе, бәрібір AI-ға,
жаңа стандарттар, жаңа бағыттар мен жасанды интеллектке көшуіміз керек.
Технологиялардың дамуы шағын бизнес үшін жаңа
мүмкіндіктер ашады. Кәсіпкерлер өз ісін дамытуға цифрлық құралдар мен заманауи
технологияларды жиі пайдалануда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Шағын және Орта
Бизнестің үлесі елдің Жалпы Ішкі Өнімінің 40% жетті.
Сарапшылардың пікірнше, белсенді кәсіпкерлер мен дамушы компаниялар неғұрлым
көп болса, экономиканың орнықты даму мүмкіндіктері де соғұрлым артады.
Дулат Тастекей, кәсіпкер:
- Біз тек бірнеше ірі ұйымдарға ғана арқа сүйесек, олар жабылса экономикаға салық түсімдерінің ағыны тоқтатылады. Ал шағын және орта бизнес көп болғанда, олардың әрқайсысы төлейді, сөйтіп олар салық түсімдерін қамтамасыз етеді, яғни бүкіл бюджет кірісін – елдің тәуекелдерді әртараптандыру әдісі, бір есеппен оның тәуекелдерін басқару жолы деуге болады.

