«Al Jazeera» делегациясы ҚР Президентінің ТРК-ні аралады

Астанада «Al Jazeera» апталығы аясында Қатар телекомпаниясының басшылары Президент телерадио кешені ұжымымен кездесті. Елдегі ең ірі медиахолдингтің мүмкіндіктерін көрді. Jibek joly, Silk Way және Silk Way Cinema арналары мен ҚазАқпарат агенттігі, деректі фильмдер орталығының шығармашылық әрі техникалық әлеуетімен танысты.  Еске салайық, апталық аясында әлемге әйгілі медиа институт мамандары Мақсұт Нәрікбаев Университеті студенттеріне және тәжірибелі тілшілерге  журналистиканың негізгі бағыттарына қатысты дәріс оқып жатыр. Бұл ретте айта кетерлігі, 2024-ші жылдың ақпан айында Президент телерадио кешені мен Қатар медиа желісі арасында өзара кең ауқымды байланыс жөніндегі меморандумға қол қойылды.

¤

¤Мостефа Суаг, Al Jazeera Media Network бас директорының міндетін атқарушы:

-Қазақстан барлық бағытта белсенді дамып келеді.  Әрине, өзінің бұқаралық ақпарат құралдарын да жетілдіруге ниетті. Өйткені бұл сала барлық институттарды қарқындату ісінде маңызды құралдардың бірі.    Сөзсіз іске асатын бірлескен жобалардан басқа, біз үшін Қазақстанның медиа саласы мамандарына журналистика саласындағы өзіміздің жұмыс тәжірибемізді көрсету маңызды. Біз өз әзірлемелерімізбен бөлісе аламыз. Бұл тренинг осы бағыттағы ынтымақтастықтың алғашқы қадамы. Бұл ретте Орталық Азия мен Қазақстан медиа нарығының әлеуеті зор екенін көріп отырмыз.