Қазақстандық әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 80 шақырым
жүгіріп өтті. Тимур Ержанов өзінің жетістігін сұрапыл соғыста қаза тапқан
батырлар мен ардагерлерге арнады. Отандық сержант көзделген межені 7 сағат 21
минут 11 секундта бағындырды. Марафоншыға жолда әріптестері бірге еріп жүріп
қолдау көрсетті. Алайда, негізгі қашықтықты өз күшімен еңсеріп шыққан. Жақын
арада ол бұл межені еселеп, Жаңаарқа ауылынан Қарағандыға дейін 200 шақырым
жүгіруді жоспарлап отыр.
Тимур Ержанов, ҚР ҚМ сержанты:
- Ақпаннан бастап дайындалдым,
отпускта болдым - 15 кун. Сол уақытта күнде жүгіріп, 10 шақырым. Үйден жұмысқа
күнде жаяу келдім. 80 шақырымды өту оңайға соққан жоқ. Енді біріншіден,
қолбасшы қолдады, әскери бөлім командирі.

