Түрікменстанда әлемнің ең
беделді цирк өнері конкурстарының бірі - Монте-Карлодағы 47 халықаралық цирк
фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды. Монакода ат құлағында ойнаған ұлттық «Галкыныш»
- «Жаңғыру»
тобы қазылар алқасын тәнті
етіп, көрермендерді өздерінің трюктері мен шабандоздардың шеберліктерімен таң қалдырды. Нәтижесінде
түрікмен әртістері қанжығаларын бас
жүлдемен ғана
емес, сондай-ақ жас қазылар алқасының, италиялық және Үнді цирктерінің сыйлықтарымен, сондай-ақ фестиваль
сертификаттарымен майлады. Іс-шараға
қатысушыларды түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы, сондай-ақ ел Президенті
құттықтады. Олар республикада дәстүрлі ат спорты белсенді дамып келе жатқанын
атап өтті.
Сердар
Пығыев,
Түрікменстанның
еңбек сіңірген жылқышысы:
- Осы тарихи сәттің бір
бөлігі болу мен үшін үлкен мәртебе. Біз бүкіл әлемге өзіміздің бірегейлігімізді
көрсете отырып, түркімен өнерінің дамуына өз үлесімізді қоса алатынымызды
мақтан тұтамыз. Әлемдік аренадағы әрбір табыс - бұл жеке жеңісіміз ғана емес,
бүкіл еліміздің жеңісі. «Галкыныш» ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлермен
байланысты бейнелейді. Біздің топ көне салтты қазіргі заманғы
жетістіктермен ұштастыра отырып, цирк өнерін сақтап, дамытуда.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

