Астанада Silk Way Star жобасының
алғашқы эпизодының түсірілімі басталды. Азия құрлығынан келген қатысушылар
қазір тыңғылықты дайындалып, әрбірі көрерменді таңқалдыру үшін барын салуға
дайын. Музыкалық шоумен жүзден астам адамнан құралған түсірілім тобы жұмыс
істеуде. Бұл жарық пен дыбыс, видеография және LED-экрандарды басқару
мамандары. Жоба барлығы он эпизодтан тұрады. Тұсаукесері 20-шы қыркүйекте, ал
ақтық гранд-шоу 22-ші қарашада біздің телеарна мен қатысушы елдердің жетекші
арналарының тікелей эфирінде көрсетіледі. Silk Way Star қазірдің өзінде
Еуразияның жаңа мәдени бренді деп танылды. Ол тек азия күміскөмейлерін ғана
емес, бүкіл әлем бойынша миллиондаған көрерменді біріктіре алады.
Сандуғаш Рахымжанова,
Silk Way Star креативті продюсері:
- Түсірілім ауысымы -
сегіз сағат. Бірақ оған қоса саундчектерге қосымша уақыт беріледі. Біз
түсірілім алдында соңғы дайындықтарды пысықтап, барлық қойылымдарды мұқият
дайындаймыз. Себебі біздің де, қатысушылардың да түсірілім жасауға екінші
мүмкіндігі жоқ. Бәрі бір реттен жазылады. Сондықтан жобамыз ойдағыдай сәтті
шығуы үшін барлық жағынан сақадай сай болуымыз керек.

