Шетелдік БАҚ гастрономиялық дәстүрлерімізді паш етуде

Шетелдік БАҚ гастрономиялық дәстүрлерімізді паш етуде

Бешбармақ, қазы-карта, сірне, қымыз, бауырсақ, тары... Қазақтың осы ұлттық тағамдарының тіл үйірер дәмі шетелдік туристерді қызықтырады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан өзінің ұлттық асхана дәстүрлерін жаңғыртып, бірегей дәмі бар тағамдарды ұнататындарға арналған жаңа тартымды орынға айналып отыр. Саяхатшыларды қазақ асүйінің байлығы мен алуан түрлігі, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығы тәнті етуде. Біздің асханамызға шетелдік БАҚ пен блогерлердің де назары ерекше. Олар Астана, Алматы мен Шымкент қалаларына ат басын бұрып, жергілікті асхананың ерекшеліктерімен танысуды жақсы дәстүрге айналдырып келеді.


Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:


- Ұлттық тағамдар мен дәстүрлерді жандандыра отырып, Қазақстан мәдени туристер, оның ішінде гастротуристер арасында да танымалдығын арттырады. Бұған әлемдік БАҚ пен медиаресурстардың неономадтық асхананы ерекше атап өтуі дәлел. Өткен жылы Нью-Йорк Таймс заманауи көшпенділер тағамдарымен айналысатын бірнеше орындарды, мейрамханаларды атап өтіп, оны баруға кеңес беретін тізімдерінде ұсынды. Биыл СNN Трэвел Қазақстан гастрономиясының әлеуетін жоғары бағалады. Сондықтан бұл бағытқа көбі, тіпті Қытайдан келген медиа өкілдері де қызықғушылық танытуда.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?