Қазақстандық қазақтың қара домбырасын түрлендіріп, электронды нұсқасын жасады. Болат Қанафин инновациялық аспапты ойлап табуға 5 жылын сарп етті. Шебер өнертабысын патенттеп алған. Әлемде баламасы жоқ құрал бірнеше музыкалық аспаптың үнін шығара алады. Бірегей кәсіби құралға миди домбыра синтезатор деп ат қойыпты. Түрленген домбырада жоғары және төменгі ноталарда еркін ойналады. Пернелердің орнына батырмалар қойылған. Ерекше өнер иесі мұндай аспаптың 3 түрін жасап үлгерген. Жоспарда сенсорлы экран орнатылған аспап дайындау бар. Мақсаты – қазақтың ұлттық аспабын әлемге таныту.
Болат Қанафин, шебер:
- Кнопка болмайды мұнда. Телефонның бетін қалай басасың, дәл солай сияқты болады. 32 генератор, приобразаветельдері болады, 120 функция береді. Келесі жылы мен Жапонияға барамын. Мына домбыраның үнін электроника арқылы синтездап шығару. Яғни домбыраның үнін шығаратын дыбыс генераторын жасап шығару. Оны Қазақстанның, қазақтың бренді қылу керек.
Жеңіс Ермұқанов.