Қазақстанда жасанды интеллектінің көмегімен жазылған кітап таныстырылды. Жетісу өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Әбілпейісұлы туралы «BATYR MAN» атты естеліктер жинағы жарыққа шықты. Кітапта майдангердің ерлігі мен тағдыры баяндалады. Жасанды интеллект тарихи деректерді өңдеуге, көркем бейнелер мен визуалды элементтерді жасауға көмектескен. Ұйымдастырушылар жоба кітап оқуға құмарлықты арттыруға бағытталған дейді.
Мирас Сейтқали, «Жетісу жастары» КММ Ақпараттық сүйемелдеу және PR бөлімінің басшысы:
- Қазіргі жастарды білесіздер, көбінесе кітаптар оқымайды. Жастардың
тілінде жасанды интеллектпен заманауи жеткізу – мақсатымыз сол. Кішкене
қиындықтар туындайды әрине бұл жасанды интеллект болғаннан кейін. Өте оңай
нәрсе емес, адам емес бұл. Бізге енді қырғыз елінен де бауырларымыз бар,
көмектесіп отырады.

