Астанада Қазақстанның жан-жануарлар дүниесіне арналған жаңа сайт таныстырылды

Еліміздің ақпарат кеңістігі «Қазақстанның тұмса табиғаты» атты жаңа палтформамен толықты. Жан-жануарлар әлемі жайлы сайт көрнекі әрі бағалы дерекқор қызметін атқарады. Яғни, пайдаланушыларды байтақ еліміздің бай фаунасымен жақынырақ таныстырып, аңдар мен құстардың бірегей фотоларын жариялайды. Осыған орай, әр тіршілік иесінің түр-сипаты мен ерекшеліктерін танытатын жоғары сапалы түсірілімдер жасалды. Жоба аясында Қорғалжын қорығына, Алтын Емел ұлттық табиғи паркінің хайуанаттар бағына 6 экспедиция ұйымдастырылды. Болашақта портал қорын кеңейтіп, аудио-энциклопедиялар шығару жоспарда. Жануарлардың фотосуреті олардың даусымен бірге беріледі. Осылайша, табиғи ортаның қалпын бұзбай ұсыну көзделген. Сондай-ақ, сайтты әзірлеушілер Қазақстанның түрлі флорасы жайында ақпарат қосуды жоспарлап отыр. Яғни, еліміздің биоалуандығын толық қамту көзделген. Жалпы «Қазақстанның тұмса табиғаты» атты жоба қоршаған ортаны және жабайы жануарладың дүниесін қорғап, сақтауға бағытталған.

Қанат Абашов, «Ecoforming» Экология және білім беру қорының өкілі:

- Біздің команда, атап айтқанда Зоология институты, National Geographic Kazakhstan журналы, экологтар мен «Ecoforming» білім беру қоры сияқты ұйымдардың өкілдері жоба аясында жарты жылдан астам уақыт бірігіп жұмыс істеді. Сол аралықта жиналған ақпаратты өңдеп, жүйеледік. Ол үшін осы жылы Қазақстанның барлық дерлік хайуанаттар саябақтарын, сондай-ақ табиғи қорықтарды аралап, жануарларды түсіріп алдық. Бұл ауқымды жұмыс Қазақстанда мекендейтін флораның барлық түрін қамту қамында жасалды. Біз өте ерекше және қызықты сәттерді түсірдік.

Айбын Шағалақ, National Geography журналының басқарушы директоры:

- Бұл жоба Қазақстанның барлық аң-құстарын бір порталға біріктіретін және бұл жерде жоғары сапалы портреттік суреттермен қатар энциклопедиялық ақпараттарын беретін, ұсынатын, баршаға қол жетімді, үш тілде жұмыс істейтін сайт болады. Яғни, ол сайтта кез келген адам, оқушылардан бастап ғалымдарға дейін өзіне қажетті аңның суретін іздеуге немесе санаттар бойынша қарап, әрбір аңның жоғары сапалы 5-6 суретімен қатар, ол аң туралы Қазақстандағы жағдайы, ахуалы, қазіргі күйі қандай, саны қанша, тағы басқа сондай энциклопедиялық мәлімметер таба алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?