Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған гүлдер композициясы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған гүлдер композициясы

Павлодардағы мектептердің бірінде ерекше гүлдер алаңы пайда болды. Мұндағы шағын композиция ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Осылайша мектеп ұжымы хәкім рухына тағзым етіп қана қоймай, білім ошағының ауласын абаттандырды.


Эльмира Уахитова, №25 орта мектеп директорының орынбасары:


- Композицияның басты мақсаты – Абай мұрасын ұлықтау, оның даналығы мен азаматтық құндылықтарға толы еңбектерін жас ұрпаққа жеткізу. Бұл гүлді композицияда ұлы ақынның шығармашылығынан шабыт алған символдық элементтер гүлдер мен өсімдіктер арқылы көркем жеткізілді

Айта кетейік, Қазақстанда Ұлы ойшылдың мерейтойын тойлау 1 тамыздан басталып, 10 күнге созылады. Аталған облыста 100-ден астам іс-шара өткізіледі. Іс-шаралар Abay Academiasy энциклопедиялық порталының ашылуынан бастау алмақ. Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында концерттер, халық қолөнері фестивалі, жас ақындардың поэтикалық байқауы, кітаптардың тұсаукесері өтеді. Мерекелік іс-шаралар тізбегін 10 тамызда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концерт аяқтайды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?