Қазақстанда «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидалары өзгерді

Қазақстанда «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидалары өзгерді

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау қағидалары өзгерді. Ел үкіметінде тиісті қаулы қабылданды. Енді үміткерлерді іріктеу үшін сұрыптау тетігі енгізілді. Осылайша, осы жаңашылдыққа сәйкес қажетті балл санын жинай алмағандар келесі турға жіберілмейді. Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне уәждемелік хат енгізілді. Бұдан басқа, сыннан өте алмаған үміткерлерге сол күнтізбелік жылы байқауға қайта қатысу құқығы беріледі. Сондай-ақ, «мемлекеттік қызметшілер» категориясы енгізілді. Оларға «магистратура» бағдарламасына қатысу үшін тіл курстарынан өту мүмкіндігі ұсынылады. Бағдарлама түлектері еңбек өтілімін Қазақстан мүшелік ететін Біріккен ұлттар ұйымы, ЮНЕСКО, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы және Түркі мемлекеттері ұйымы сияқты халықаралық бірлестіктерде өтеудің мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы бұл өзгерістер «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіріп, еліміздің түрлі салаларында білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?