Отандық ғалымдар мен инновацияларды қолдау

Отандық ғалымдар мен инновацияларды қолдау

Қазақстанда 2025-ші жылы стартаптарды коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламасы іске қосылады. Бұл елімізде бірегей өнімдер мен инновациялық технологияларды дамытуға тың серпін бермек. Мәселен былтыр осы бағытта республика аумағында бұрын-соңды болмаған селен өндірісі жолға қойылды. Жаңа технология сапасы 99 жарым проценттен асатын жоғары тазалықтағы өнім алуға мүмкіндік береді. Алда қуатын кеңейту және құрамында селені бар материалдарды қайта өңдеудің жаңа әдістерін енгізу жоспарлануда. Жалпы бүгінге дейін ғылыми-техникалық жобаларды өндіріске айналдыруға қатысты бірқатар байқау өткізілді. Нәтижесінде коммерцияланған зерттеу өнімдерінің экспорты 570 млн теңгеден асты. Сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы жалғасын табады. Оның аясында 2025-2027 жылдарға арналған конкурс жарияланды. Айта кетейік 2021 жылы қолға алынған бағдарлама аясында екі мыңнан астам ғылыми жоба жүзеге асқан. Үштен бірі инженерлік білім мен технологияларды академиялық зерделеуді дамытуға бағытталған.

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?