Жаңа жылда су саласының 100-ден астам отандық мамандары Қытайдағы арнайы семинарларда біліктілігін арттырудан өтеді. Мұндай уағдаластыққа тараптар Астанада өткен кездесуде қол жеткізді. Сонымен қатар, салалық ведомствода атап өткендей, осы тектес екі апталық курстар тоқсан сайын өткізіледі. Айта кетейік, бүгінде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және тәжірибе алмасуға үлкен мән беріледі. Биыл 500-ден астам маман арнайы орталықтар жанынан курстардан өтті.
Нұржан Нұржігітов, ҚР су ресурстары және ирригация
министрі:
- Келесі жылы сәуір айынан бастап 25 адамнан тұратын 4
топ 2 апталық біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Біз сіздердің
тараптарыңыздан ресми жауап алдық. Енді мамандарымыз жұмыс істеуі үшін осындай
жоспар бар.
Кездесуде Power China компаниясының Қазақстандағы су қоймаларын салуға және қайта жаңартуға қатысуы да талқыланды. Қытай тарапы жаңа су шаруашылығы инфрақұрылымын құруға инвестиция салуға дайын екенін білдірді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

