Жасанды интеллект Арал теңізін құтқаруға
көмектеседі. Аталған өңірде су ресурстарына мониторинг жүргізу және басқару
үшін цифрлық технологиялар енгізілуде. Яғни, тіршілік көзін есепке алу, талдау
және бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру жоспарланған. Цифрлық
трансформация суды пайдаланудың ашықтығын
арттырады, шығындарды азайтады. Ақылды жүйе суды ысырапсыс тиімді кәдеге
жаратуға септеспек. Премьер-Министрдің Астанада өткен Халықаралық Аралды
құтқару қоры басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының
басшыларымен кездесуінде теңізегі су
деңгейін арттыру қамындағы бірлескен шаралар қаралды. Олжас Бектенов Қазақстанның
Орталық Азия елдерімен су ресурстары саласындағы ынтымақтастығын тереңдетуге
ниетін жеткізді. Ол тек жұмыла өңірде тұрақты дамыу мақсаттарын қол жеткізуге
болтынын тілге тиек етті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Әр елдің өз ұлттық мүддесі бар, біз оны қашан да қорғауға міндеттіміз. Бірақ біздің ортақ стратегиялық, ұзақмерзімді басым мақсатымыз тату көршілік қарым-қатынас екені сөзсіз. Күнделікті, қысқамерзімді міндеттерді шешуде біз ұзақмерзімді басымдықтарға нұқсан келтірмеуіміз керек. Мәселелерді әрқашан өзара тиімді әрі қолайлы негізде шешу үшін бірлескен шаралар қабылдайтынымызға сенімдімін
Арал теңізі бассейнінде 40 астам экологиялық жоба жүзеге асырылып жатыр
Бүгінде Арал теңізі бассейнінде экожүйені қалпына келтіруге, сумен жабдықтауды
жақсартуға және өңірдің тұрақтылығын арттыруға бағытталған 40-тан астам
экологиялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Астанада өткен Халықаралық Аралды
құтқару қоры басқармасының екінші отырысы аясында айтылды. Қазақстан,
Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан өкілдері су айдынын сақтау
тұрақты дамумен, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікпен, сондай-ақ
миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасымен байланысты жаһандық экологиялық күн
тәртібінің бір бөлігі екенін атап өтті.

