Ауғанстанмен серіктестік Қазақстанға үнді мұхитына жол ашады. Астанада Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша өңірлік байланыс тобының кезексіз отырысында жаңа транзиттік бағыттар талқыланды. Еліміздің теңізге шығатын тікелей жолы жоқ. Ауғанстан бойынша арнайы өкіл Еркін Тұқымов отандық өнімдерді халықаралық нарыққа жеткізу үшін Оңтүстік Азия бағытындағы көлік-логистикалық дәліздерді дамыту маңызды екенін алға тартады. Бұл Қазақстан үшін сыртқы саудада жаңа мүмкіндіктер ашатын ірі нарық.
Еркін Тұқымов, Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі:
- Бізге Ауғанстанның 45 миллиондық нарығы өте қызықтырады. Мысалы, біздің
ұн, өсімдік майы , дәрі-дәрмектер Ауғанстан азаматтары арасында үлкен сұранысқа
ие. Бұдан басқа Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел ретінде Үнді мұхитына, оның
ішінде Ауғанстан аумағы арқылы қолжеткізу өте маңызды.

