Мәдениеттер диалогы: қазақстандық журналистер үшін Қытайда медиа-тур ұйымдастырылды

Мәдениеттер диалогы: қазақстандық журналистер үшін Қытайда медиа-тур ұйымдастырылды

Саздан жасалған әскер - Қазақстан Президенті телерадиокешенінің құрылымына кіретін Jibek Joly/Silk way телеарнасының объективінде. Журналистер «Жібек жолы мен мәдени мұра рухы» атты баспасөз саяхаты аясында Қытайдың ұлттық құндылықтарын өз көзімен көрді. Оны CGTN медиакорпорациясы ұйымдастырды. Бұл сазбалшық әскер мүсіні Қытайдың бірінші императоры Цинь Шихуандимен бірге жерленген әртүрлі әскер бөліктерін білдіретін сегіз мыңнан астам жауынгердің мүсінінен құралған. Шеберлер әрбiр мүсiнді егжей-тегжейлi пысықтады, оның iшiнде бет-әлпетi, киiмi мен сауыт-сайманы бар. Саздан күйдіріліп жасалған жауынгерлер мүсініне 2 мыңнан астам жыл болды. Айта кетейік, әскер 1974 жылы Сиань маңынан табылған. Бүгінде ашық аспан астындағы мұражайға тек жергілікті тұрғындар ғана емес, миллиондаған шетелдік туристер де келеді. Айта кетейік, археологиялық экспозиция ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген.


Шерәділ Бақтығұлов, Қырғызстандағы Әлемдік саясат институтының директоры:


 - Жібек жолын жаңғырту туралы сөз қозғағанда, сөзсіз, әңгіме мәдениеттің қайта жаңғыруы туралы болады. Материалдық мәдениетке қарасақ, Орталық Азия елдері халықтарында ежелден бай рухани мәдениет болғанын көрсетеді. Қазір Қытайдың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын нығайтуының арқасында археология, өнер, мұражай құрылысы салаларында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Қазір композиция жасау жеткіліксіз, ол қолжетімді, ыңғайлы және сұранысқа ие болуы тиіс.

Сарапшылардың айтуынша, Жібек жолын жаңғырту тек экономикалық ғана емес, мәдени үдеріс, ол Орталық Азия мен Қытайдың рухани құндылықтары мен қарым-қатынасын дамытуға септігін тигізеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?