29 елдің журналистері мен саясаттанушылары көпформатты диалогты дамытуға келісті. Ашхабадта онлайн түрде ұйымдастырылған халықаралық медиа форум өтті. Кездесуге қатысушылар бұл сұхбат алаңы халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету бойынша пікір алмасу үшін маңызды платформа болады деген ортақ пікірге келді.
Мердан Газакбаев, Түркменстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің төрағасы:
- Заманауи әлемнің шынайылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы, халықтар арасындағы терең және тарихи байланыстар біздің елдер өміріндегі ақпарат алмасуды жандандыруға мүмкіндік береді. Осыған орай, іс-шараға қатысуымыз ұйымдар мен жалпы қатысушылар арасындағы жемісті және сенімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етіп, сондай-ақ Түрікменстан мен қатысушы мемлекеттер арасындағы ақпараттық байланыстарды дамытуға серпін береді деп сенемін.