Жапонияда ҚР Ұлттық күніне орай Қазақстан туы көтерілді

Жапонияда ҚР Ұлттық күніне орай Қазақстан туы көтерілді

Қазақстанның байрағы Жапониядағы EXPO-да көкке көтерілді. Осакада еліміздің Ұлттық күні атап өтілді. Осы мерекенің құрметіне Бүкіләлемдік көрме аумағында әртістер мен батырлардың, сондай-ақ, әлемнің төрт дүркін чемпионы, қазақстандық қара күш иесі Сергей Цырульниковтың қатысуымен ауқымды шеру өтті.


3 мыңға жуық көрермен жиналған концерт мерекенің шарықтау болды. Сахнада Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрі, этно-фольклорлық ансамбльдер, сондай-ақ би ұжымдары өнер көрсетті.


Айта кетейік, қазақстандық павильон EXPO көрмесіне келушілер арасында кеңінен танымал. Оған миллионға жуық адам келген.


Дәулет Еркімбаев, Осака Экспо-2025 көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары:


– Көрмеге келушілер мен жергілікті тұрғындар павильонға қызығушылық танытты, өйткені онда қазақ мәдениеті мен тарихы туралы мағұлмат алады. Біз еліміздің әлеуетін арттырамыз, біздің туристік, инвестициялық мүмкіндіктерімізді көрсетеміз. Сондай-ақ, біз көрменің тақырыбын ашуды басты назарда ұстадық. Екінші аймағымызда Қазақстанның «жасыл» технологияларды дамытуға ұмтылысын, бағытын көрсеттік.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?