Астанада тарихи тұлғалар туралы толғам атты көрме ашылды

Астанада тарихи тұлғалар туралы толғам атты көрме ашылды

Елордада Президенттік орталықтың қабырғасында Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерінің жеке заттары ұсынылған арнайы көрме ашылды. Аталған шара Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сынды тарихи тұлғалардың мерейтойларына арналған. Ұлт қайраткерлерінің тағлымды өмірі мен қызметінен сыр шертетін 170-ке тарта тарихи құжаттар, құнды кітаптар, бірегей қолжазбалар, ескі фотосуреттер мен өзге де түпнұсқа  жәдігерлер еліміздің мұражай және мұрағат қорларынан жиналған.  Ерекше экспонаттардың қатарында Мұстафа Шоқайдың қолданған жеке жазу машинкасы мен баспа мөрлері, сонымен қатар Тұрар Рұсқұловтың жұбайы  Әзиза Рысқұлованың сандығы бар. Соңғысы ұзақ уақыт қайраткердің ұрпақтары сақтап, кейін мұражай қорына тапсырған. Барлық материалдар осы қайраткерлердің өмірі мен қазақстандық мемлекеттіліктің дамуына қосқан үлесі және олардың бай мұрасының мән-маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Бірегей  жәдігерлермен жыл соңына дейін танысуға болады.

Адель Рысқұлова, Т. Рысқұловтың немересі:

- Әзиза Рұсқұлова Алматыдан Мәскеуге саяхатағанда, тұрмысқа шыққаннан кейін «АЛЖИР» лагеріне барғанда да сандығын тастамай өзімен алып жүрген. Бүкіл отбасы қуғын-сүргінге ұшырады. Яғни, оның әйелі Азиза Түбекқызы, анасы мен менің кішкентай анам 1938 жылы «АЛЖИР» - Отанын сатқындардың Ақмола лагеріне қамалды. Бұндай іс-шараларды ел игілігі мен қамы үшін жан кешкен ұлы қайраткерлер, қоғамдық, саяси, тарихи тұлғалардың ерліктерін естен шығармау үшін мерейтойлары кезінде ғана емес, үнемі өткізіліп тұру керек деп санаймын.

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?