Қазақстандық «Батыр» фильмі адам құқықтары күніне орай көрерменге жол тартты

Қазақстандық «Батыр» фильмі адам құқықтары күніне орай көрерменге жол тартты

Халықаралық адам құқықтарын қорғау күні аясында «Батыр» қысқаметражды фильмінің онлайн көрсетілімі болды. Фильм БҰҰ қолдауымен тұңғыш рет Қазақстанда көпшілік назарына ұсынылды. «Батыр» фильмі сегіз беделді халықаралық кинофестивальдің қатысушысы және Ұлыбританиядағы фестивальде «Үздік қысқаметражды фильм» және «Үздік әйел рөлі» жүлдесінің иегері.

Сонымен қатар Фильм Канада, АҚШ, Италия, Жапония және Ресейде өткізілетін фестивальдердің негізгі конкурстық бағдарламаларына енген. Сонымен қатар картина шынайы оқиғаға негізделгенін айта кеткен жөн.

ЛАУРА САПА, «БАТЫР» ФИЛЬМІНІҢ ПРОДЮСЕРІ:

 - Біздің фильм ешкімді кінәламайды. Ешкімді ештеңеге шақырып, үгіттемейді. Картина тек XXI ғасырда өмір сүріп жатқан адамдардың шындығын баяндайды. Біз басты рөлдегі адамның психикалық көңіл-күйін аша отыра көрерменге ой салып, оларды адамгершілікке және түсінушілікке баулуды мақсат тұттық. Осындай үлкен мәселенің түйінін шешуге біз аз да болса үлес қостық.