Ұлы Жеңіске жеткен ардақты ардагерлер

Ұлы Жеңіске жеткен ардақты ардагерлер

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер қатары сиреп барады. Қызылорда аймағынан майдан даласына аттанған 150 мың сарбаздың тек үштен бірі елге оралған. Бүгінде Сыр өңірінде көзі тірі 2-ақ ардагер қалды. Олардың бірі - Яхия Тасыров биыл 103 жасқа толды. Ақсақал әлі де тың. Кескілескен шайқастың әр сәті қарияның жадында жазулы. Қазақ жауынгері 1941 жылы ұрыс даласына аттанған. Сталинград, Курск қалалары Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысты.

Яхия Тасыров, Ұлы Отан соғысының ардагері:

- Үш түрлі заман көрдік. Аман қалдық әйтеуір. Кешегі соғыста да. Я пысықтықтан, я білімділіктен қалғаным жоқ.

Тілеуберген Тобабергенов те бозбала шақтың бақытын көрмеген буын өкілі. 18 жасында Белоруссия майданында болды. Польша, Чехословакия елдері мен Кенигсберг қалаларын азат етуге қатысты. Жеңісті Берлинде қарсы алған. Қарт майдангер биыл 101 жасқа толып отыр. Жастығын майданға берген қария ғұмырым бос өтті, - деп ешқашан налыған емес. Отан қорғап, ерлік көрсеткені дүйім жұртқа өнеге, ұрпағына мақтаныш.

Марал Түзбаева, Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы:

- 1943-ші жылы Кенигсберг қаласына барған кезде бомбаның жарғыншағы тиеді жауырынына. Енді қазір ол кісінің жауырыны шұңқыр. Содан 6 ай бойы ауруханада жаттым дейді. 6 айдан кейін қайтадан соғысқа аттандырған. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?