Жапон ғалымдары Қазақстандағы жер сілкіністерін зерттейді

Жапон ғалымдары Қазақстандағы жер сілкіністерін зерттейді

Қазақстандық және жапон ғалымдары жақында Алматыда болған жер сілкіністерін бірлесіп зерттейді. Бұл болашақта табиғи апаттар мен тәуекелдердің алдын алу стратегияларын әзірлеуге өз септігін тигізбек.

Айта кетейік, Алматыда өткен жиында жапондық мамандар қазақстандық сейсмологтармен ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия және Кавказ елдерінің өкілдерімен бас қосып, өзара тәжірибе алмасуға ниетті. Сонымен қатар таңғы шық елінің ғалымдары сейсмикалық оқшаулау саласындағы озық технологиялар мен стандарттар туралы айтып, тұрақты ғимараттар құрылысындағы ынтымақтастықты талқылайды.