Астанада туризмді дамытуға арналған идеялар марафоны бастау алды

Астанада туризмді дамытуға арналған идеялар марафоны бастау алды

Астанада туризмді дамытуға арналған идеялар марафоны бастау алды. Бұл - жастардың көзімен саланың әлеуетін арттыруға бағытталған іс шара. Maqsut Narikbayev University студенттері бірінші болып осы бағытта тың ойларымен бөлісіп, инновациялық бастамаларын ұсынды. Барлығы 25 команда 3 бағытта өз жобаларын қорғады. Атап айтсақ, шаһардың көрікті жерлерін біріктіретін туристік іс-шаралар тұжырымдамасын әзірлеу талабы қойылды. Сондай-ақ, жаңа туристік нысандар мен саяхатшыларды тарту орталықтарын құру және қала инфрақұрылымын цифрлық шешімдер арқылы жақсартудың тың әдістері ортаға салынды. Бұл марафон Астананың өзге де жоғары оқу орындарында жалғасын табады. Ең үздік жобалар қала туризмін дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылмақ.

Диана Рашид, Maqsut Narikbayev University студенті:

- Біз «Еvently» қосымшасын ұйымдастырып жатырмыз. Ол қосымшада Қазақстанның түгел танымал мейрамханалары болады. Қонақтар өзіне ұнаған орынды видео және фото жүйелерін қарастырып, таңдай алады. Сонымен қатар, ең бастысы адамдар өз уақытын және қаражаттарын үнемдейді және олар алдын-ала төлем арқылы ұнаған күндерін мысалғы 25-ші мамырға онлайн бронь жасай алады.

Мақсат Жанабаев, Астана қ. инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Егерде статистикаға сүйенетін болсақ, Астана қаласында жалпы туристтер саны былтырмен салыстырғанда артып келе жатыр, 1.5 млн құрап отыр. Осы жылға біз үлкен жоспар қойып отырмыз. Сол 1.5 млн туристті 1.7 млн туристке жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Жалпы туризм саласы әр жыл сайын, өзі дамып келе жатыр ғой, сол үшін жастардың көз қарасы ұсыныстары өте маңызды деп ойлаймын. Ол ары қарай дамиды деп ойлаймын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?