Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Қазақстан Президенті жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты үндеу жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды осы тарихи оқиғамен құттықтап, оны жаңа кезеңнің бастауы деп атады. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңарған Негізгі заң ауқымды саяси және экономикалық реформаларға жол ашады, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіреді. Президент Конституцияны қабылдау туралы шешімді 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумда ел азаматтары қолдағанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл таңдау Қазақстанның алдағы жылдардағы дамуын айқындайтынын айтты. Мемлекет басшысы жаңа Конституция саяси жүйені айтарлықтай жаңартуды көздейтінін және болашақтағы саяси және экономикалық өзгерістердің негізін қалағанын атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ. Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз! Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?