АҚШ елшілігі қазақ дәстүріне сәйкес халықаралық шәй күнін атап өтті

Әлеуметтік желілерде Халықаралық шәй күніне арналған бейнеролик қызу талқыға түсті. Ол Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ресми парақшасында жарияланды. Видеода елші Дэниел Розенблюм қонақтарды қабылдап, кездесу өткізеді. Артынша оларды шығарып салады. Сол сәтте, ол еліміздің әр азаматына етене таныс сөзді айтады. Бейненің астында шәйдің қазақстандықтар үшін жай ғана сусын емес, қонақжайлылық, достық пен дипломатияның нышаны екені жазылған. Расымен, шәй- еліміздегі ең танымал сусын. Қазақстандықтар, бұл сусынды дәмі мен пайдалы қасиеттеріне бола жақсы көреді. Естеріңізге сала кетсек, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2019 жылы 21 мамырды Халықаралық шәй күні деп жариялаған.