Еуразиялық
үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласында
өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан, Беларусь Республикасының Премьер-министрлері, Қырғызстан
Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің
басшысы, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы және Армения Республикасының
вице-премьері қатысты. Олжас Бектенов Алматыда қаңтар айында өткен отырыс
тапсырмаларының орындалуын талқылады. Кездесуге қатысушылар интеграцияның
стратегиялық бағыттарына - кедендік және салықтық әкімшілендіруді
цифрландыруға, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдана отырып, ақпарат
алмасуды жетілдіруге ерекше назар аударды.

