Қазақстан мен Кения Президенттері Alem.Ai орталығы және АХҚО барды

Қазақстан мен Кения Президенттері Alem.Ai орталығы және АХҚО барды

Қазақстан мен Кения Президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто кешеннің әлеуетімен танысты. Екі елдің көшбасшыларына музей экспозициясы мен АІ-кинотеатры көрсетіліп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жүйесі және оның бейнеталдау, қоғамдық қауіпсіздік, көлік ағыны мен қалалық қызметтерді онлайн режимде үйлестіру салаларындағы мүмкіндіктері баяндалды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Рутоға Қазақстан мен Кения арасында инвестиция тартуға және халықаралық қаржылық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған өңірлік алаң ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі таныстырылды. Президенттерге орталықтың негізгі бағыттары, соның ішінде капитал нарығын қалыптастыру, орнықты, «жасыл», ислам және авиа қаржыландыруды дамыту жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде оның экожүйесінде 90 елден келген 5,5 мыңнан аса компания тіркелген. Осы жылдарда тартылған инвестиция көлемі 22 млрд долларға жуықтады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?