Жаңа Конституция биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл
еліміздегі ауқымды құқықтық жаңғыруды бастайды. Негізгі заң бес конституциялық
заң мен 60-тан астам бапқа түзетулер қабылдауды көздейді. Заң шығару үрдісі
ашық, ал Парламентті тарату тәртібі нақты регламенттелген. Бұл саяси жүйенің
тұрақтылығы мен болжамдылығын арттыруы тиіс. Саясаттанушы Андрей Чеботаревтің
айтуынша, бұл ретте негізгі мемлекеттік институттардың тұрақты жұмысы ерекше
маңызға ие. Атап айтқанда, жаңа Ата заң Парламенттің рөлін күшейтеді және
неғұрлым сенімді институционалдық негізді қалыптастырады.
Андрей Чеботарев, саясаттанушы:
- Конституция - Қазақстанның мемлекеттілігінің
институционалдық құрылымын ғана емес, құндылық бағдарын да өзгертті. Ең
алдымен, елдің басты идеясы - Әділетті Қазақстан ұстанымы бекітілді. Бұл
идеяның негізгі қағидаттарының бірі - Заң мен тәртіп. Сондай-ақ, бірқатар
маңызды жайттар да бар: бір жағынан біздің этносаралық, конфессияаралық
келісім, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығы сияқты дәстүрлі құндылықтарымыз
сақталып отыр, ал екінші жағынан Қазақстан халқы егемендік иесі мәртебесін
алғанын көріп отырмыз. Бұл маңызды қадам.
Қазақстанның жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары
мен қауіпсіздігін қорғау және сақтауды қамтамасыз ететін адамға бағдарланған мемлекеттік
саясаттың негізіне айналмақ. Сарапшылардың пікірінше, мұндай модель елдің
құқықтық жүйесін неғұрлым заманауи және қоғамның нақты қажеттіліктеріне
бағдарланып, орнықты даму мен мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыру
үшін негіз жасайды.
Рустам Қайырыев, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы:
-- Егер Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын
нығайту бағытына тоқталсақ, мен Миранда ережесінің енгізілуін айтар едім. Яғни,
сіз заң терминдерін, заңнаманы білмегендіктен өзіңізге қарсы куәлік сөз сөйлеп
қоюыңыз мүмкін. Сондықтан бұл өзгеріс құқығымызды қорғауға бағытталған маңызды
түзету.

