Қазақстанның
солтүстігінде археологтар Алтын Орда дәуірінің жаңа артефактілерін тапты.
Жантай шатқалында ғалымдар «Алтын Орда стандартына» сай
күйдірілген кірпіш фрагменттерін тапты. Мұндай материалды кезінде сарайлар,
мешіттер мен кесенелер салуға
пайдаланған. Зерттеушілер ортағасырлық қабырға қалдықтары мен жерлеу орнын анықтады. Алдын ала болжам бойынша,
мұнда дала ақсүйектерінің құрметіне XIV-XV
ғасырларда тұрғызылған кесене орналасқан. Қорымнен табылған
заттар арасында металл әшекейлер, моншақтар және Үнді мұхитын мекендейтін каури моллюскасының қабыршағы бар.
Мамандардың пікірінше, бұл Ұлы даланы
Оңтүстік Азиямен байланыстыратын сауда жолдарының болғанын растайды.
Елена Трушева археологиялық зерттеулер институтының тәжірибелік археология зертханасының меңгерушісі:
- Біз металл заттар мен экспонаттарға алдымен рентгенофлуоресцентті талдау
жүргіздік. Осылайша, олардың
қорғасын-қалайы қоспасы көп
күрделі қоладан жасалғанын анықтадық. Бұл
Ертіс маңы металлургиясының жоғары деңгейде дамығанын растайды. Ал моншақтардың
барлығы импорттық өнім екені анықталды, олар осы өңірге тән емес, бұдан Алтын Орда дәуіріндегі жергілікті халықтың
экономикалық және мәдени байланыстары алыс елдер мен шалғай қашықтықтарды қамтығанын байқаймыз.

